13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ислам әлемі білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Салим бин Мохаммед Альмаликпен кездесті, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
«Биыл ИСЕСКО өзінің 40 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар ішінде ұйым көптеген жобаларды жүзеге асырды, өзара іс-қимыл мен мәдени алмасудың тиімді құралына айналды. ИСЕСКО-ға кірген уақыттан бері Қазақстан осы ұйымның қамқорлығымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысып келе жатқаны қуантады. Бұл кездесу біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі болатынына сенімдімін. Біз жаңа жобалар мен бастамаларды ұсынуға дайынбыз», - деді Дәурен Абаев.
Өз кезегінде Салим бин Мохаммед Альмалик әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жоғары деңгейде өтіп жатқанын атап өтіп, Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігімен ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді. Ол тарихи-мәдени мұра саласындағы мамандар үшін семинарлар мен курстар, әртүрлі ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар өткізу жалғасын табатынын айтты.
Сондай-ақ, Салим бин Мохаммед Альмалик Қазақстанның тарихи-мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды