Дүниежүзілік мұражай күні

18 Мамыр 2018, 01:41 1523

Жыл сайын 18 мамырда әлемнің көптеген елдері халықаралық мұражай күні мерекесін атап өтеді. Бұл мереке тұңғыш рет 1977 жылы халықаралық мұражайлар кеңесінде (International Council of Museums, ICOM) мәдени мереке ретінде бекітілген болатын. 1978 жылдан бастап халықаралық мұражай күні әлемнің 150-ден астам елінде атап өтіле бастады.

Осыған орай, ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық үйінің мұражайында этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, мұражай белсенділерінің қатысуымен келелі кездесу өтті.

Жиынды құттықтау сөзбен ашқан Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын: «Мұражай түсіне білген адамға кешегіні бүгінмен, бүгінгіні ертеңмен, ертеңімізді болашақпен жалғастыруымен қатар, барлық рухани асыл қазыналарды заттай және жазба түрінде бауырына басқан алтын көмбе екеніне тоқтала келе, мен шын жүректен барлықтарыңызды Халықаралық мұражай күнімен құттықтаймын! Сіздерге ең алдымен мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақыт тілеймін. Сонымен қатар,  облыстағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өткізіліп жатқан іс-шараларға белсенді қатысуға және осы мұражаймен тығыз Ынтымақтастыққа шақырамын», - деп атап өтті.

Шара барысында қатысушылар өзінің тағылымы мол естеліктерімен бөлісіп, әсерлі әңгімелерімен тыңдаушыларын тәнті етті. Олардың ішінде ең қызықтысы болып «Спадчына» Беларусь мәдениеті облыстық фондының мүшесі Нина Мисоченконың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хаты болып шықты. Ол хатта Нина Алексеевна Елбасына еліміздегі бейбітшілік пен келісім үшін алғысын білдірді.

Отырыс соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне, Достық үйі мұражайының дамытып, өркендеуіне атсалысқан белсенділерге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу: