Күн сәулесі адам денсаулығы үшін аса маңызды екенін жиі естиміз, себебі ол көңіл күйді жақсартады, ағзада D дәруменінің түзілуіне ықпал етеді және ұйқы ырғағын реттейді.
Алайда шамадан тыс күнге күйю теріге зиян келтіруі де мүмкін екенін естен шығармаңыз. Сондықтан оның пайдасы мен қаупінің арасында тепе-теңдікті білу маңызды.
Күнге қыздырынған қай кезде пайдалы болады?
Күн сәулесінің негізгі пайдасы – D дәруменінің түзілуі. Бұл дәрумен сүйек, иммундық жүйе және жалпы ағза саулығы үшін қажет. Ультракүлгін сәулелер теріге түскен кезде осы дәрумен синтезделе бастайды.
Негізі аптасына бірнеше рет қол мен аяғыңызды 5-30 минуттай күн астында қыздыру жеткілікті. Арнайы күнге қыздырынудың қажеті жоқ.
Күннен қорғайтын крем қолдану да D дәруменінің түзілуіне айтарлықтай кедергі келтірмейді – ол тек аздап төмендеуі мүмкін.
Дегенмен бәріне ортақ нақты норма жоқ. D дәруменінің түзілуі тері түсіне, географиялық орналасуға, жыл мезгіліне және тәуліктің уақытына байланысты. Мысалы, терісі қаралау адамдарға күн астында көбірек уақыт өткізу қажет болуы мүмкін, себебі меланин D дәруменінің түзілуін баяулатады.
Қай кезде сақтану керек?
Пайдасына қарамастан, ультракүлгін сәуленің толық қауіпсіз деңгейі жоқ. Кейбір мамандар D дәруменін тағам мен арнайы қоспалар арқылы алуды тиімді деп санайды.
Күн сәулесі теріде күйік немесе қараю тудыратындай деңгейге жеткенде зиянды болады. Шын мәнінде, күнге күйген түс – «сау реңк» емес, терінің зақымданғанының белгісі.
Қауіп деңгейі бірнеше факторға байланысты: ультракүлгін индексі, күннің уақыты және күн астында болу ұзақтығы. Тіпті бұлтты күндері де ультракүлгін сәулелер теріге әсер етеді.
Ұзақ уақыт бойы шамадан тыс күн сәулесіне ұшырау терінің ерте қартаюына және қатерлі ісік қаупінің артуына әкелуі мүмкін.
Тері зақымдануының алғашқы белгілері:
Ауыр күйік кезінде дене қызуы көтерілуі, жүрек айну, әлсіздік байқалуы мүмкін – мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет. Сонымен қатар меңдердің түсі өзгерсе, ерекше дақтар немесе қабыршақтар пайда болса, бұл да алаңдатарлық белгі.
Күннен қалай қорғану керек?
Күннің пайдасын көру үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау жеткілікті:
Тек кремге сеніп қалу жеткіліксіз. Ең тиімдісі – қорғаныстың бірнеше тәсілін қатар қолдану: крем, киім және көлеңке. Сонымен қатар терінің жағдайын үнемі бақылап, әсіресе тұқым қуалайтын қауіп болса, дер кезінде тексеріліп тұрған жөн.