12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЖыл басынан бері Қазақстанда шамамен 5,5 млн тонна сүт өндірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% өсті. Тауарлық сүт өндірісінің нақты көлемі 3,4 млн тоннаны құрады, бұл да бір жыл бұрынғыдан 1,3% -ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы екі жылда өңделген сүттің өзіндік құнының орташа есеппен 50 теңгеге, 2022 жылғы қарашада 197-200 теңгеге дейін өсуі байқалады. Кәсіпорындардағы сату бағасы 235-тен 300 теңгеге дейін жетті.
Қараша айында қымбаттаудың негізгі себебі – жем бағасының өсуімен байланысты, бұл өзіндік құнның 70%-ын құрайды. Сонымен қатар, импорттық шығын материалдары, соның ішінде қаптама ыдыстар қымбаттады.
Сүт пен сүт өнімдерінің қымбаттауы маусымдық сипатқа ие.
Сонымен қатар, биыл сүт саласын субсидиялауға шамамен 24,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сүт өндіруге 18,6 млрд теңге бағытталды. Аталған мемлекеттік қолдауды саланың 467 субъектісі, оның ішінде сүт-тауар фермалары мен ӘКК-лар пайдаланды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер