6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖаздың басталуына санаулы күн қалды, жақында шомылу маусымы басталады. Бұл орайда құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы онлайн-брифингте Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов айтып берді.
Бүгінде елордалық ТЖД шомылу маусымының ашылуына дайындықты белсенді жүргізуде. Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімі «Шомылу маусымы кезеңінде Астана қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын» әзірлеп, бекітті. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп су айдындарында 10-нан астам ақпараттық стенд және шомылуға тыйым салынған жерлерде 100 тыйым салу қауіпсіздік белгісі орнатылды, – деді ол.
Биыл Астанада шомылуға арналған 4 орын белгіленді: Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы, «Астаналық аула» және Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңындағы коммуналдық жағажай. Су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелерінің тізбесі «2gis» платформасында орналастырылған.
Сонымен қатар қауіпсіздік мақсатында шомылуға тыйым салынған 21 учаскеде қосымша бейнебақылау камералары орнатылған.
Шомылу кезеңінде күнделікті патрульдеуге 50 сүңгуір құтқарушы, 15 бірлік сүңгуірлік жарақтары бар жедел-құтқару техникасы, 6 бірлік жүзу құралдары тартылатын болады. Шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда ашылады. Арнайы жабдықталған орындарда: жағажайларда, бассейндерде және құтқарушылар патрульдейтін орындарда шомылған дұрыс, - деп қосты Азамат Құсайынов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі