Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісЕлордадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында Ұлытау облысының «Алтын Орданың мұрасы» атты креативті жәрмеңкесі өтті.
Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, екі күн ішінде жәрмеңкеге 6 мыңға жуық елорда тұрғыны мен қонағы келді.
Жәрмеңкеде келушілер авторлық зергерлік бұйымдар, ұлттық қолөнер туындылары, Ethno Fashion бағытындағы дизайнерлік киімдер, былғары мен киізден жасалған бұйымдар, кәдесый өнімдері, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, кескіндеме жұмысы және дәстүрлі құрақ көрпе техникасында дайындалған тоқыма бұйымдарымен танысып, ұнаған түрлерін сатып алды.
Астанаға «Алтын Орданың мұрасы: Ұлы Даладан бастау алған өнер» тақырыбымен келдік. Таңертеңнен бастап көрмеге келушілердің қызығушылығы жоғары. Ұлытаудан 60-қа жуық кәсіпкер келіп, өз өнімдерін елорда тұрғындары мен туристерге ұсынып жатыр. Көрмеде туындыларды тамашалап қана қоймай, сатып алуға да болады. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік, – деді Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Нұртас Кәріпбаев.
Іс-шараға Ұлытау облысынан арнайы келген 60 жетекші креатор қатысып, өңірдің шығармашылық әлеуеті мен бірегей өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл жәрмеңке өңірлік брендтердің танымалдылығын арттыруға және жергілікті шығармашылық кәсіпкерлердің өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берді.
Іс-шараның басты сәндік бағдарламаларының бірі Ethno Fashion Show көрсетілімі болды. Қазақстандық дизайнерлер Алтын Орда дәуірінің тарихы мен эстетикасынан шабыт алған заманауи киім топтамаларын ұсынды. Ал алғашқы күннің мәдени бағдарламасы Jez Acoustic Band тобының концерттік кешімен қорытындыланды.
Ұлытау облысының жәрмеңкесі Creative Aimaq жобасының өңірлік креативті индустрияларды дамытуға, отандық креативті брендтердің танымалдылығын арттыруға, отандық өндірушілердің өткізу нарығын кеңейтуге және еліміздің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған тиімді алаң екенін айқын көрсетті.
Кеше, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?