24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды
25-26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысты.
Жәрмеңке барысында балаларға арналған SAMGA театрының Абайдың «Болыс болдым, мінекей» шығармасы желісімен құрылған спектаклі сахналанды. Келушілер арасында Шығыс Қазақстан облысының ең көрікті туристік бағыттарының бірі бойынша екі адамға арналған жолдама ойнатылды.
Жәрмеңкеде дизайнерлік брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен заманауи шығармашылық жобалар ұсынылды.
Екі күн бойы сәндік-қолданбалы өнер, дизайн және авторлық шығармашылық бағытында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты.
Екі күн ішінде жәрмеңкеге 1 500-ге жуық адам келді. Іс-шара қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының креаторлары 3,8 млн теңгенің өнімін сатты. Келушілерге керамика, тоқыма бұйымдары, интерьер заттары, кескіндеме туындылары, ағаш пен былғарыдан жасалған қолөнер бұйымдары және кәдесый өнімдері ұсынылды.
Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды дамытуға, жергілікті авторларды қолдауға және олардың өнімдерін нарыққа шығаруға бағытталған.
Жоба аясында алты өңірлік креативті жәрмеңке ұйымдастырылды. Оларға 16 мыңға жуық адам қатысып, креаторлардың өнімдерін сатудан түскен жалпы табыс 25,3 млн теңгеден асты.
Осы жәрмеңкеден Астана тұрғындары мен қала қонақтары Шығыстың мәдениетін танып, шеберлерін көріп, түрлі дәмнен ауыз тиді. Әсіресе, балаларға арналған шеберлік сағаты мен гидтің әр картинаны құлшына түсіндіргені көпке ұнады.
Жәрмеңкеге арналған ғимараттың ыңғайлы болғаны соншалық, келушілер асықпай аралап, шеберлермен әңгімелесіп, өзіне керегін тауып жатты. Кеш бойы өнерпаздар музыкамен сүйемелдеп, көрменің сәнін кіргізді. Астаналықтар өр Алтайдың тыныс-тіршілігімен танысып, бір сәт Шығыс Қазақстанға сапар шеккендей болды.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?