23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Өнер алды – қызыл тіл» деп білетін халқымыз сөз өнеріне аса мән берген. Қазақ тілі, әсіресе лексикасы тұрғысынан аса бай тіл екендігі мәлім. Сол қазынаны меңгеріп, орынды қолдана білу де – бір өнер. Жалпы сөз жарыстырып ойналатын ойын түрлері кез келген тілде жетерлік. Олар – сөздік қорды байытуға, есте сақтау қабілетін сынауға, сөз өнеріне деген қызығушылықты оятуға, тілге деген құрметті күшейтуге септік ететін ерекше ойын үлгілері. «Алтын сандық» та тіл байлығына негізделген ойын. Сандық – халқымыздың асыл бұйымдарын сақтайтын ұлттық жиһазы. Біздің «Алтын сандықта» халқымыздың алтыннан да асыл сөз байлығы сақталған. Сөздер бес түрлі деңгейде, жеңілден күрделіге қарай, ұсынылады. Ойыншы ұсынылған үш көмекке және шашылған әріптерге сүйене отырып, жасырылған сөзді тауып, оны құрастыруы керек.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады