23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақтың ұлттық ойындарының арасында дене мен қимыл-қозғалысты ширататындарымен қатар, адамның танымын, ойын жетілдіретін түрлері де жоқ емес. Сауық кештерде жастар білгенімен ой-өрісін шыңдау мақсатында бір-біріне жұмбақтар жасырып, табан асты айтыстар ұйымдастырып, сөз және күймен тартысқандары белгілі.
«IQ DODA» – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны. Білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға бастайтын күш екендігін растайтын бұл ойында негізінен Еліміздің тарихы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылады.
Сұрақтар жеңіл, орташа, күрделілігіне қарай үш деңгейге жіктелген. Сәйкесінше бір сұрақтың төрт нұсқада жауабы беріледі. Дұрыс жауабын тапқан, көп ұпай жинаған ойыншы алғашқы деңгейден сәтті өтіп, келесі деңгейдің сынында бағын сынай алады.
Бұл ойын білгенінің арқасында ойындағы тасын өрге домалататын, білмегені болса, үйренгісі келетін көпшілікке арналған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады