Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталдыҚазақстанның Оңтүстік бөлігін адамдар тас ғасырының ерте палеолит дәуірінде мекендеген. Бұл адамзат тарихы дамуының басты кезеңі, б.з.д. 1 млн-нан 140 мың жыл арасын қамтиды. Осы өңірде адамдардың тас ғасырынан бастап мекендегеніне сол дәуір ескерткіштері – тұрақтар, шеберханалар мен Қаратау жоталары аймағынан табылған тас құралдар – шапқылар мен өзектастар дәлел. Түркістан қаласы жанындағы Қосқорған және Шоқтас қасынан таяуда табылған ерте дәуір адамдарының тұрағы бірегей ескерткіш болып табылады.
Орта палеолит (мустье) дәуірінде (б.з.д. 140-тан 40 мың жыл арасы) тас өңдеудің неғұрлым озық үлгілерін игере бастағаны, адамдардың тасты өткірлеп ұштау, қырып жону құралдарын меңгергені байқалады. Кейінгі мустье дәуірінің ең бір көрнекті ескерткіші – Қаратау тауындағы Арыстанды тұрағы болып саналады.
Кейінгі палеолит дәуірінде (б.д.д. 40-тан 10 мың жылдар) адамдардың көбеюімен бірге олардың тіршілік аймағы да кеңейіп, мекендері мен еңбек құралдары да көбейе түсті. Тас өңдеудің де озық тәсілдерін игерді. Дөңгелек пішінді құралдардың орнын призмалық өзектастар алмастырды, еңбек құралдары мен аң аулауға арналған әртүрлі құралдар – түйреу мен кесу құралдары, қырғыш пен жоңғыштар, найза ұштары мен тескілер пайда болды. Найза және сүңгі ұштары сүйектен өрнектеліп жасалды. Бұл дәуірдің назар аударарлық ескерткіші – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ.
Мезолит (орта тас ғасыры) және неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.д. 12-ден 4 мың жылдықтар арасын қамтиды) дәуірінде адам өмірі мен өндірісте едәуір өзгерістер болды. Адамдар садақ пен жебе, тегістеп өңделген тас құралдарын жасады. Кесу, тесу, тас бетін тегістеу техникасын меңгерді. Құрал саптарының басына өңделген ұсақ тастарды (микролит) бекітуді үйренді. Осы әдіспен пышақ пен қол орақ, балта мен шот, дән үккіштер жасалды. Жаңа тас ғасырында (неолит) адамдар саз балшықтан ыдыстар (керамика) жасауды да үйренді. Бұл дәуірге Отырар (Қызылқұм) ауданы аймағындағы Маятас тұрағы, Жаңашілік-1, 2, 3 орындары жатады.
Неолит дәуірінің соңына қарай егіншілік пен мал тарихы ғажайып өлке шаруашылығы пайда болып, дами бастады. Бұл кезеңге тән тұрақтар Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде кездеседі, олардың ішіндегі Түлкібас ауданындағы Қараүңгір өзенінің оң жағасында орналасқан неолиттік үңгір – Қараүңгір тұрағынан қазба барысында алуан түрлі құралдар алынды. Қазба жұмыстары кезінде тас құралдар, үй жануарларының сүйектері, саз балшықтан жасалған ыдыстардың сынықтары мен оттық қалдықтары табылды.
Дереккөзі: Жаңарған, жасарған Оңтүстік. Алматы, 2012 ж.
Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады