Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайҚазақтың ұлттық ойындарының арасында дене мен қимыл-қозғалысты ширататындарымен қатар, адамның танымын, ойын жетілдіретін түрлері де жоқ емес. Сауық кештерде жастар білгенімен ой-өрісін шыңдау мақсатында бір-біріне жұмбақтар жасырып, табан асты айтыстар ұйымдастырып, сөз және күймен тартысқандары белгілі.
«IQ DODA» – білім сынауға негізделген осы заманның зияткерлік ойыны. Білімнің үлкен табысқа, биік шыңдарға бастайтын күш екендігін растайтын бұл ойында негізінен Еліміздің тарихы, жер-су аттары, мәдениеті мен руханиятына қатысты сұрақтар қойылады.
Сұрақтар жеңіл, орташа, күрделілігіне қарай үш деңгейге жіктелген. Сәйкесінше бір сұрақтың төрт нұсқада жауабы беріледі. Дұрыс жауабын тапқан, көп ұпай жинаған ойыншы алғашқы деңгейден сәтті өтіп, келесі деңгейдің сынында бағын сынай алады.
Бұл ойын білгенінің арқасында ойындағы тасын өрге домалататын, білмегені болса, үйренгісі келетін көпшілікке арналған.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат