22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды
Жұмағали Сайын
Жаңа эра
Адам-тіршілігінің тұтқасы мен көркі, ақыл, ой байлығының қозғаушысы, өнер мен білімніңбесігі болған Жер-ананы кім ашты, жер үстіне бірінші қадам басқан адам кім? Мұны тарихта айтпайды, мен де білмеймін. Бірақ жер үстіне сол бір белгісіз адамның пайда болуынан кейін бүкіл тіршілікке, өнерге, өмірді өзгертуге бет бұрылғаны анық. Ол бет бұрыс адамның тамақ тауып жеуінен басталады ма, болмаса маңайын қоршаған өзінен күшті жыртқыштардан қорғану процесінен шым-шымдап өрби ме? Әйтеуір жер үстін адам келуімен біз жасап отырған өмірдің алғашқы тамшысы пайда болды десек қате айтпаған болармыз.
Бұдан кейіп де адамзат өз өсуінің талай биіктеріне көтерілді, өз ақылының, өз өнерінің, өз ғылымының талай кереметтерін көрді. Бірақ дәл бүгінгідей кереметті дүние жаралғалы ешкім естіген де, көрген де емес. Адам мен ғылым өзінің аса биік фазасына көтерілген шағында космосқа жол салды.
Барлық әлемде адам үшін космос дүниесінің ашылған күні жарияланды, космос жолын ашқан совет адамы — СССР-дың ерікті азаматы Гагарин Юрий Алексеевич.
Гагарин — жер бетіне келген бірінші адамдай жалаңаш, өнер, білімсіз құр қол келген жоқ, космосқа өнер, білімнің ең биік табыстарын ала келді. Бүкіл адамзат үшін космос кеңістігін игеру эрасы ашылды, оны ұлы Совет елі, Совет адамы, Совет оқымыстылары ашты.
Мәңгі жаса, менің Советтік Отаным!
Мәңгі жаса, менің Ұлы Коммунистік партиям!
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев