22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды
ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов 2017 жылы ЭКСПО-ны Астанада өткізу келешегі туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бүкіл Қазақстан мен әлем қоғамдастығы үшін соңғы басты оқиға халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстанның кандидатурасын таңдап алуы болды. Осы қатаң бәсекелескен күресте Елордамыз Льеж қаласын жеңіп шықты. Бұл оқиға тарихи маңызға ие, және ЭКСПО көрмесі алғаш рет посткеңестік кеңістікте өткізілетін болады. Бұл жалпы елдің және 15 жыл ішінде дамуы барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның бас қаласының халықаралық деңгейде мойындалуын растайды», - дейді Ә.Смайылов.
Ол 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізу құқығын иелену – еліміз үшін өте маңызды оқиға екендігін атап айтты. Бұл бүкіл әлемнен миллиондаған туристер, озық техникалық ой бүкіл адамзаттың өмірін жақсы жаққа өзгертетінін көруге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық жетістіктер шоуы.
«Сондықтан жаһандық көрмені қабылдау құқығы үшін болған мәртебелі жарыстағы жеңіс бәріміз үшін өте маңызды болып табылады. Бірінші кезекте, біз ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбы баламалы энергетика, жаңа технологиялар саласында отандық экономиканы дамытуда жаңа көкжиектерді ашуға, жаңа бизнес-байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, баршаңызды осындай мүмкіндіктермен құттықтаймын», - деді ол сөзін қорытындылай келе.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев