13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Астанада Үкімет отырысы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтен өңір әкімдеріне спорт ғимараттарын салу туралы тапсырма беруін сұрады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Қазіргі уақытта мектептер балансында 20 мыңнан астам спорт ғимараты бар. Олардың 567-сі ғана қысқы спорт түрлеріне арналған объектілер. Яғни, жалпы саннан 35 есе аз», - деді Б.Жұмағұлов.
Білім және ғылым министрі Үкімет басшысынан облыстардың, Астана және Алматы қаласы әкімдеріне инвесторларды тарта отырып, спорт ғимараттарын салу, мектептер мен колледждерді спорт жабдықтарымен қамтамасыз ету бойынша шара қабылдау туралы тапсырма беруін сұрады.
«Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан сияқты облыстарда балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру клубтарын, сондай-ақ мектептерде арнайы спорт сыныптарын ашуды қарастыру қажет. Бұл үшін аймақтарда мақсатты іс-шаралар жоспарын әзірлеу керек. Біз жоғары оқу орындарының да спорттық базасын барынша дамытамыз. Бұған біздің Министрлік жауапты», - деп толықтырды Жұмағұлов.
Бұған қоса, Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарының ректорларына өз объектілерінің базасында балалар мен жасөспірімдердің спорт секцияларын құру мәселесін қарау тапсырылғанын тілге тиек етті.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды