7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қойшыбаев Мәкәлім (10.5.1926, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы – 12.2.1986, Алматы қаласы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1971). Алматыдағы музыкалық училищесін (1952), Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1959). 1960 жылдан ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. Қазақтың “Той бастар”, “Шахтер жыры”, “Жастар әні”, Абайдың өлеңіне шығарған “Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп” секілді әндері мен романстары ел арасына кең тараған. Ұлт аспаптар оркестрге арнап: “Қазақстан”, “Жастық”, “Концерттік күй”, “Атырау дүбірі”, т.б. поэмалары, “Мәншүк”, “Құрманғазы”, “Туған жер”, “Ардагерлер” симфониялық поэмалары, эстрада симфония оркестріне арнап: “Қазақ биі”, Сюита, “Күй-поэма”, “Увертюра”; домбыраға арналған: “Жарыс”, “Жастар”, “Аққу”, “Қызылқұм” атты күйлері бар. Қобыз бен фортепианоға арналған: “Романс”, “Көктем биі”, “Өмір гүлі”, т.б. аспаптық-камералық, вокалды-хор мен спектакльдерге, драмалық спектакльдерге (І.Есенберлиннің “Таудағы тартысы”, Ш.Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындары” мен “Сертке серті”) жазған т.б. музыкалық шығармалары мол.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?