6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКАТАРИНСКИЙ Василий Владимирович (20.5.1846 – 1902, Ресей, Орынбор) – орыс шығыстанушысы, ағартушы, миссионер. 1864 – 72 ж. Қазан қ-ндағы діни семинарияны, кейін діни академияны бітірген. 1872 – 75 ж. Чебоксары қ-ндағы уч-щеде бақылаушы, оқытушы қызметтерін атқарған. 1875 ж. 20 қыркүйектен бастап К. Орынбор округінде татар, башқұрт және қазақ мектептері жөніндегі округтік инспектор болып тағайындалып, осы жұмысты ұзақ жылдар бойы атқарды. Оған қосымша діни мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының барысын бақылап отыру тапсырылады. К. Ы.Алтынсариннің оқу ісі саласындағы идеяларын қолдап, оның іске асуына тікелей көмектесті. Әсіресе, 1879 ж. Алтынсарин Торғай уезінің мектеп инспекторы міндетін атқара бастаған кезден кейін, олардың қарым-қатынасы, кездесуі мен хат жазысуы жиілей бастайды. К. Торғайда обл. және ауылдық уч-щелер мен мектептердің ашылып, қалыптасуына көп еңбек сіңірді. Ырғыздағы қыздар уч-щесі мен Орскідегі қазақ оқытушыларын даярлайтын мектепке қамқоршы болды. 1893 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебі оқушыларының Мәскеуге экскурсияға баруын ұйымдастырған да К. еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі