30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКАТАНОВ Николай Федорович, Хызылұлы Пора (6.5.1862, Ресей, Краснояр өлкесі, Аскиз ауд. – 10.3. 1922, Қазан) – хакас филологы, этнографы, түркологы, Қазан ун-тінің проф. (1893), салыстырмалы тіл білімінің докт. (1907). Әкесі Хызыл хакастардың ірі тайпасы саналған сағадан шыққан, шешесі – качы тайпасынан. 1869 – 76 ж. Аскиздегі уч-щеде оқыған. Красноярскіде классик. гимназияны (1884), Санкт-Петербург ун-тінің шығыс тілдері ф-тін (1888) бітірген. К. 1888 – 92 ж. Санкт-Петербург ҒА-ның тапсырмасымен Сібірде, Моңғолияда, Шығ. Түркістан мен Жетісуда болып, ұйғыр, өзбек, қазақ, тыва, т.б. түркі халықтарының этнографиясы мен тілі жөнінде мол материал жинады. Қытайға сапарында оны Жүніс Итқараұлы деген қазақ бастап апарған. К. 1885 – 1921 ж. шығыстану саласы бойынша 180-нен астам ғыл. еңбек жариялаған. Негізгі еңбегі: “Урянхай тілін зерттеу тәжірибесі” (1903), көлемі 1600 беттей. Бұл еңбекте 50-ге жуық түркі тілдері мен диалектілері салыстырылып зерттелді. Хакас, тыва, карагастардың этнографиясы, лингвистикасы, фольклоры туралы 2 томдық “Урянхайлардың, абакан татарлары мен карагастардың сөйлеу тілі” деген еңбегі 1907 ж. В.В. Радлов шығарған “Түркі тайпаларының халықтық әдебиет үлгілері” аталатын кітаптың 9-бөлімінде жарияланды. К. – П.М. Мелиоранскийге қазақ тілін зерттеуге көмек берді. 1894 ж. Қазан ун-ті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамының хатшысы болып сайланды. Қазан ун-ті “Хабаршысының“ редакторы болды. К. – Орыс география қоғамының, Левендегі (Бельгия) Ғылым мен әдебиеттің халықар. қоғамының, Будапешттегі Мажар этнография қоғамының толық мүшесі, Гельсингфорстағы финн-угор қоғамының корр. мүшесі болды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды