13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызКаротаж (франц. сarottage – бұрғылау керні, лат. carota – сәбіз) – бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені. Бұл зерттеулер: 1) ұңғыма оқпанының қимасындағы тау жынысы қабаттарын жіктеу және оларды өз шендестерімен сәйкестіру; 2) ұңғыма оқпанының қимасына тән мұнай, газ, көмір қабаттарын, радиоактивті, полиметалды, т.б. кендердің қабаттарын анықтау және барлау; 3) жер қыртысындағы әр түрлі қабаттардың орналасу тереңдігін, қалыңдығын, құрылыс ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізіледі. Тау жыныстары мен кен байлықтардың сарапталатын физ. қасиеттеріне қарай К-дың: электрлік, радиоактивтік, сейсмик., акустикалық, магниттік, мех., газдық, т.б. түрлері бар. Электрлік К. бұрғылау ұңғымасында өздігінен туатын немесе жасанды электр өрісін өлшеуге негізделген. Электр өрісінің сипатына (табиғи немесе жасанды, электрлік немесе электрмагниттік) және өлшенетін физ. көрсеткіштеріне қарай, электрлік К. бірнеше әдістерге жіктеледі: табиғи электр өрісі әдісі К-ы, кедергі К-ы, өздігінен полюстену потенциалдарының К-ы, индукциялық және диэлектрлік К.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды