Архив

Театр декорациясы

04.12.2012 10:43

Театр декорациясы, сахна безендіру өнері - декорация, костюм, әр түрлі жарықтар мен қойылымдық техника арқылы спектакльдің бейнелі де көркем образын жасау өнері. Театр декорациясы о-нің даму тарихы театр, драматургия, бейнелеу өнерінің өсіп өркендеу жолымен тығыз байланысты. Сахна безендіру өнерінің элементтері (костюм, маска т.б.) ежелгі халық ойын-сауықтарынан бой көрсетті. Б.з.б. 5 ғасырда ежелгі грек театрының скеналары, ежелгі Рим театрының шымылдықтары суреттермен безендірілді. Ежелгі дәуірдегі жылжымалы (симультанды) декорация иринңипі (бүкіл оқиға желісін түтас бейнелеу) орта ғасырдағы еуроп. Театр декорациясы өнеріне негіз болды. Осы қезеңце Азия елдерінің (Қытай, Жапония, т.б.) театр сахналары шарттылықпен символиқ. түрде көркемделді. 15 16 ғасырлардың басында Театр декорациясы өнеріне әйгілі суретшілер Бруннелески, Мантенья, Леонардо да Винчи, Рафаэль және перспективалы декорацияның негізін салушылар Браманте, Б.Перуцци (Италия) елеулі үлес қосты. 16 ғасырлардың аяғы мен 17 ғасырлардың басында театрға ауыстырмалы декорация енді; түрлі механизмдер қолданыла бастады. Бұл өдіс декорацияны қорермендердің көз алдында ауыстыру мүмкіндігін туғызды. Театр декорациясы өнері жүйесін жетілдіру барысындағы ізденістер (итальяндық Дж. Адеотти) кулисаны өмірге әкелді. Бұл жүйе кейіннен бүкіл Еуропаға тарады. Қайта өркендеу дәуіріндегі Лондон қалалық театрларында төм., жоғ., түпкі сахна алаңын жасаулау өнерінің жаңа типі қолға алынды. Ресейде кулисмы декорация алғаш 1672 ж. қолданылды. Классицизм дәуірінде турақты декорация, 17 ғасырда кима перспективалы декорация, ал 18 ғасырда декорация павильондары пайдаланылды.

 

19 ғ-дын аяғында орыс суретшілері В.Д. Поленов, В.М. Васнецов, К.А. Коровии, В.А. Серов. М.А. Врубель қондырғылы кескіндемінің композициялық әдістерін қолдану арқылы спектакльдің біртүтас поэзиялық бейнесін жасау ұстанымын тұжырымдады. Мәскеу Коркем театрынын реалистік реформасы дүниежұз. Театр декорациясы өнерінің ілгері дамуына әсер етті. Театр декорациясы өнерінің өркендеуіне "Өнер әлемі" окілдері А.Н. Бенуа, М.В. Добужинский, Н.К. Рерих және А.Я. Головин мол үлес косты. Режиссер Г.Крэг (Ұлыбритания) пен А. Аппиа (Швейцария) 20 ғ-дын басында "философиялық театр" идеясын алға тартты. Мүнын өзі сахнада куб, алан, баспалдак секілді дерексіз пошымдардың иайда болуына жол ашты.

Оқи отырыңыз