Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?КАНДИДОЗ, кандидамикоз (лат. сandіda – ашытқы, грек. mykes – саңырауқұлақ) – ашытқы тәрізді саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы. Жер шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік және субтропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Аурудың қоздырғыштары теріні зақымдап, органдардың ішкі шырышты қабаттарында (ауыздың, өңештің, ішектің, әйелдің жыныс мүшелерінің, т.б.) өніп көбейеді. К-дың дамуына иммунитеттің төмендеуі, эндокринопатия, гиповитаминоз, организмде зат алмасудың бұзылуы (мыс., диабет ауруы), гигиена ережелерін сақтамау (маникюр жасатқанда, т.б.), дисбактериозға алып келетін кейбір дәрілерді (антибиотиктерді, кортикостероидтарды) шамадан тыс, орынсыз пайдалану т.б. әсер етеді. Ашытқы саңырауқұлақтарын тасымалдаушылар мен К-бен ауыратын науқас адамдар инфекция көзі болып есептеледі. К., негізінен, тікелей жанасу арқылы жұғады. Ластанған жеміс-жидек, көкөніс арқылы да жұғуы мүмкін. К-дың созылмалы гранулематозды, висцералды және аллергиялық түрлері ажыратылады. К-бен, әсіресе, жас балалар мен қарт адамдар жиі ауырады. Жас балаларда, әдетте, организмде иммундық тапшылық кезінде – созылмалы гранулематозды К. дамиды. Қшкі органдардың шырышты қабаттарында пайда болған К. өте ауыр өтеді. Бұл бірте-бірте ауыздың шырышты қабатының уылуына – К-ды стоматитке әкеледі. Ерінге, тілге, таңдайға, қызыл иекке ақ бөртпелер шығып, көлемі ұлғаяды. Айналасы қабыршақтанып, ыстық, суық тамақ ішкенде қатты ауырып, адам тамақтың дәмін сезбейді. Қазақ халқы мұны ауыз уылу деп атайды. Әйелдердің жыныс мүшелерінің шырышты қабаты К-ында (вульвовагинит, баланопостит) жыныс мүшесінен ірің бөлініп, денеде қышыма пайда болады. Сондай-ақ, қол саусақтарының арасы, тырнақ көбесі, тырнақ, сүт безі асты, шап, т.б. К-ға шалдығады.
Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды