Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?
Аналогия (гр. analogіa – сәйкестік, ұқсастық) – әр түрлі объектілердегі кейбір қасиеттердің ұқсастығы.
Логикада дедукция, индукциямен қатар қолданылатын ой тұжырымы. Аналогияда ой өрісі жекеден жекеге немесе жалпыдан жалпыға қарай ойысады. Адам өз ойын тұжырымдай отырып, кейбір белгілердің ұқсастығынан сол нәрселердің басқа белгілеріндегі ұқсастық туралы қорытынды жасайды. Аналогиялық тұжырым жасау адамзат енді-енді қауымдаса бастаған шақтың өзінде-ақ қолданыс тапқан. Мысалы, адамдар алғаш қауымдаса бастаған кезеңде табиғат заңдылықтарын әлі жете меңгере алмаса да, аң аулауда, басқа да тіршілік салаларында аналогиялық тәсілді стихиялы түрде қолданды.
Аналогия – ежелгі грек тілінде пропорция дегенді білдірген. Грек математиктері cандар жүйесінде 6:9=8:12 цифрларының Аналогиялы екендігін аңғарған. Анология бойынша ой тұжырымдаудың мәнісі негізінен мынадай схемаға сәйкес келеді: «Анологияның а, б, в, с белгілері бар; В-ның а, б, в белгілері бар. Демек, В-ның да с белгісі болуы мүмкін».
Ұқсастырылатын белгілердің сипатына қарай: қасиеттер аналогиясы және қатынастар аналогиясы болып екіге бөлінеді. Егер нәрселер белгілерінің ұқсастығы олардың қасиеттері арқылы салыстырылатын болса, онда ол қасиеттер аналогиясы деп аталады. Нәрселер қатынастар негізінде салыстырылса, онда ол қатынастар анологиясы болады. Салыстырмалы нәрселер аналогиясының объективті негізі – олардың қатынасы, жекелеген қырлары арасындағы заңды байланыстар.
Аналогия – алынған қорытынды, ықтималдық сипаттама. Ал оның дәрежесін көтеру үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:
1. салыстырылатын нәрселердің ортақ белгілері көп және әр түрлі сипаттарды қамтуы;
2. нәрселердегі ортақ белгілердің маңызды болуы;
3. ортақ белгілер мен салыстырылатын белгілер арасында заңды байланыстардың жатуы.
Әйтсе де аналогияның ықтималдық сипатын абсолют түрде қарауға болмайды. Аналогияның танымдық мәніндегі ерекшелік – ол негізінен зерттеу процесінің алғашқы кезеңдерінде қолданылады. Аналогия ізденушінің білімін ұштауына, ақиқатқа қол жеткізуіне септігін тигізеді, бірақ оны ғыл.-зерттеудің бірден-бір, негізгі тәсілі ретінде қарастыруға болмайды.
Аналогия – танымдағы көмекші тәсіл, білім жетілдірудегі көптеген әдістердің бірі болып қала бермек.
Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды