Airbus A320

4 Желтоқсан 2012, 08:15

    Airbus A320 қысқа және орта қашықтықтарға арналған коммерциялық жолаушы тасымалдайтын ұшақтар жанұясы. Airbus A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған. Ең алғаш 1988 жылы шығарылған, A320 бірінші болып сандық fly-by-wire flight control жүйелерін коммерциялық ұшақта қолданған. Барлығы 3,800 ұшақ құрылған A320 жанұясы әлемдегі Boeing 737 кейін екінші ең көп сатылған ұшақ болып табылады.   Түрлері A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған. A320 A320 екі нұсқада шығады A320-100 және A320-200. Барлығы тек 21 A320-100 құрастырылған; олар тек Air Inter (кейін Air France сатып алған) және British Airways ( British Airways British Caledonian Airways-ты сатып алғанға дейін соңғысы тапсырыс берген) әуекомпанияларына сатылған болатын . A320-200 ұлғайтылған жанармай сыйымдылығы мен ұзартылған ұшу қашықтығымен A320-100 ден бөлінеді; осыдан басқа ұсақ айырмашылықтары да бар. British Airways қолданған соңғы бес A320-100 ұшағы, 2007 жылдың соңында қолданудан шығарылды. JetBlue әлембегі ең үлкен A320 әуепаркіне ие. A319 A319 Эйрбас A320 ұшағының қысқарған нұсқасы. A320-200 ұшағымен бірдей жанармай шығындайтын, және азырақ жолаушыларды сыйғызады. Ұшу қашықтығы 6,900 км болатын ұшақ екі классты 124 жолаушыны сыйдырады. A319-тар A320 жанұясындағы ең әйгілілердің арасында. Эйр Астанада бір A319 бар. A319CJ Бұл A319дың корпоративтік нұсқасы. Онда қосымша жанармай танктерлері қойылғандықтан ұшу қашықтығы 12,000 км дейін жетеді. Ұшақты танкерлерді алу арқылы әрқашан стандартты A319 ға айналдыруға болады. A321 A320ның сәл ұзартылған нұсқасы. A321 бағдарламасы 1989 жылдың қарашасында басталып, бірінші ұшақ 1993 жылы ұшты. Сол жылы Еуропалық сертификациясын алды. A320мен салыстырғанда A321-дің ұзындығының ұлғаюынан басқа да жаңалықтары бар. Нақтырақ: көбірек жүкті тасымалдау қабілеті, күшейтілген мотор, жақсартылған жанармай жүйесі мен үлкенірек дөңгелектер осы ұшақты кішірек ұшақтардан бөліп тұрады. Тарихы A300-дың алғашқы жетістігінен кейін, Airbus сол кездегі ең әйгілі ұшақ Boeing 727ның орнын алатын жаңа моделді шығаруды қолға алды. Жаңа Airbus көлемі өзгермесе де, үнемділігі мен ұлғайған сыйымдылықпен белгіленеді. A320-ның сандық технологиясы ұшақты аналогтық Boeing 727-дан екі қадам, ал Boeing 737-300/-400/-500 серияларынан бір қадам алға қояды. A320 бүкіл әлем бойынша Boeing 727 мен Boeing 737-нің бертінгі серияларын айырбастауға көзделген. 1970 жылдардағы мұнайдің күрт өсуінен кейін, Airbus жанармай шығынын барынша азайту керек еді. Сол үшін Airbus алдыңғы қатарлы технологияларды қолданды. Соның ішінде fly-by-wire басқару жүйесі, композитті материалдар, centre-of-gravity жанармай жүйесі, және екі адамдық жүргізуші кабинасы ендірілді. Осыған байланысты A320-ның жанармай шығыны Boeing 727-мен салыстырғанда 50% азайды. Өндіру Эйрбас бір лайнерді шығарып шығу үшін сегіз айды қажет етеді. Эйрбастың түрлі зауыттарынан әкелінген бөлшектер Гамбург пен Тулузадағы зауыттарға жинақталу үшін әкелінеді.Бөлшектердің басым бөлігі Эйрбастың A300-600ST 'Beluga' жүк тасушы самолеттерімен транспортталады. Эйрбас Қытайға сатқан A320лар 2009 бен 2012 жылдарының арасында Қытай Халық Республикасының Тианжин қаласында жиналатын болады. Сонымен қатар компания қайта құру бағдарламасына сәйкес, Тулузадағы A320 жинақтау жұмысын Гамбургге көшіргісі келеді. 2008 жылы Эйрбас жуықтап алғанда айына 32 бірлік ұшақ жасаған.  

 

 
Airbus A320 қысқа және орта қашықтықтарға арналған коммерциялық жолаушы тасымалдайтын ұшақтар жанұясы. Airbus A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған. Ең алғаш 1988 жылы шығарылған, A320 бірінші болып сандық fly-by-wire flight control жүйелерін коммерциялық ұшақта қолданған. Барлығы 3,800 ұшақ құрылған A320 жанұясы әлемдегі Boeing 737 кейін екінші ең көп сатылған ұшақ болып табылады.
 
Түрлері
A320 жанұясы A318, A319, A320, және A321 ұшақтарынан құрылған.
A320 A320 екі нұсқада шығады A320-100 және A320-200. Барлығы тек 21 A320-100 құрастырылған; олар тек Air Inter (кейін Air France сатып алған) және British Airways ( British Airways British Caledonian Airways-ты сатып алғанға дейін соңғысы тапсырыс берген) әуекомпанияларына сатылған болатын . A320-200 ұлғайтылған жанармай сыйымдылығы мен ұзартылған ұшу қашықтығымен A320-100 ден бөлінеді; осыдан басқа ұсақ айырмашылықтары да бар. British Airways қолданған соңғы бес A320-100 ұшағы, 2007 жылдың соңында қолданудан шығарылды. JetBlue әлембегі ең үлкен A320 әуепаркіне ие.
A319 A319 Эйрбас A320 ұшағының қысқарған нұсқасы. A320-200 ұшағымен бірдей жанармай шығындайтын, және азырақ жолаушыларды сыйғызады. Ұшу қашықтығы 6,900 км болатын ұшақ екі классты 124 жолаушыны сыйдырады. A319-тар A320 жанұясындағы ең әйгілілердің арасында. Эйр Астанада бір A319 бар.
A319CJ Бұл A319дың корпоративтік нұсқасы. Онда қосымша жанармай танктерлері қойылғандықтан ұшу қашықтығы 12,000 км дейін жетеді. Ұшақты танкерлерді алу арқылы әрқашан стандартты A319 ға айналдыруға болады.
A321 A320ның сәл ұзартылған нұсқасы. A321 бағдарламасы 1989 жылдың қарашасында басталып, бірінші ұшақ 1993 жылы ұшты. Сол жылы Еуропалық сертификациясын алды. A320мен салыстырғанда A321-дің ұзындығының ұлғаюынан басқа да жаңалықтары бар. Нақтырақ: көбірек жүкті тасымалдау қабілеті, күшейтілген мотор, жақсартылған жанармай жүйесі мен үлкенірек дөңгелектер осы ұшақты кішірек ұшақтардан бөліп тұрады.
Тарихы
A300-дың алғашқы жетістігінен кейін, Airbus сол кездегі ең әйгілі ұшақ Boeing 727ның орнын алатын жаңа моделді шығаруды қолға алды. Жаңа Airbus көлемі өзгермесе де, үнемділігі мен ұлғайған сыйымдылықпен белгіленеді. A320-ның сандық технологиясы ұшақты аналогтық Boeing 727-дан екі қадам, ал Boeing 737-300/-400/-500 серияларынан бір қадам алға қояды. A320 бүкіл әлем бойынша Boeing 727 мен Boeing 737-нің бертінгі серияларын айырбастауға көзделген. 1970 жылдардағы мұнайдің күрт өсуінен кейін, Airbus жанармай шығынын барынша азайту керек еді. Сол үшін Airbus алдыңғы қатарлы технологияларды қолданды. Соның ішінде fly-by-wire басқару жүйесі, композитті материалдар, centre-of-gravity жанармай жүйесі, және екі адамдық жүргізуші кабинасы ендірілді. Осыған байланысты A320-ның жанармай шығыны Boeing 727-мен салыстырғанда 50% азайды.
Өндіру
Эйрбас бір лайнерді шығарып шығу үшін сегіз айды қажет етеді. Эйрбастың түрлі зауыттарынан әкелінген бөлшектер Гамбург пен Тулузадағы зауыттарға жинақталу үшін әкелінеді.Бөлшектердің басым бөлігі Эйрбастың A300-600ST 'Beluga' жүк тасушы самолеттерімен транспортталады. Эйрбас Қытайға сатқан A320лар 2009 бен 2012 жылдарының арасында Қытай Халық Республикасының Тианжин қаласында жиналатын болады. Сонымен қатар компания қайта құру бағдарламасына сәйкес, Тулузадағы A320 жинақтау жұмысын Гамбургге көшіргісі келеді. 2008 жылы Эйрбас жуықтап алғанда айына 32 бірлік ұшақ жасаған.
 
Бөлісу: