23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
2012 жылды жастар саясаты бағытындағы тарихи жыл деп санаймын, деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы міндетін атқарушы Нұрлан Сыдықов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында.
«Елбасы жастар мәселесіне әркез көп көңіл бөліп келеді. Мәселен, Мемлекет басшысы жастар саясатын жандандыру бойынша тың тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде атап өтсек, 2020 жылға дейінгі «Жас Отан» ЖҚ-ның стратегиясы қабылданды, одан кейін мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын қабылдау, мемлекеттік жастар саясаты туралы заң қабылдау сынды ауқымды істер жүзеге асты. Жалпы, өз басым, жастар саясаты бағытында 2012 жылды тарихи жыл деп есептеймін», - деді атқарушы хатшы.
Оның айтуынша, осы секілді іс-шараларда Елбасы жастар жайын ұдайы бірінші орынға қойып, жастарға қамқорлық жасап отырады.
«Кез келген жастан «Қазақстанның бүгінгі жетістігін, оның болашағын кіммен байланыстырасыз» деп сұрасаңыз, Елбасының есімімен байланыстыратынын айтады», - деген пікірімен бөлісті Н.Сыдықов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады