23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
Тұңғыш Президент күнін қалың ел болып атап өту керек. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан корейлері Қауымдастығының төрағасы Роман Ким BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осындай пікір білдірді.
«Мұндай мереке - Тұңғыш Президент күні қажет. Елбасымыздың сіңірген еңбегі зор. Бүгінгі күні баршамыз татулық пен келісімде тұрып жатқанымыз, елімізде ешқандай қақтығыстардың жоқтығы, балаларымыз бен немерелерімізді тәрбиелеп, өсіруге бар жағдай жасалып, болашаққа деген сенімнің нық екендігі мұның баршасы Президентіміздің ерен еңбегінің нәтижесі. Сондықтан бұл мерекені қалың ел болып атап өтуіміз қажет», - деді Роман Ким.
Мұнымен қатар, Мәжіліс депутаты халық қалаулыларының ертең Астанада өтетін патриоттар форумына қатысуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында кеңес мүшелері мемлекет басшысына жөнелтілген құттықтау хатына қол қойған.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады