23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
Алматы жастары Елбасыға көлемі 1,5*2,5 м алып ковертке салынған хат жіберді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қазпошта ғимаратында 100-ге тарта қала жастары алып қағазға өздерінің Елбасыға деген тілектерін, алғыстарын жазып, қолдарын қойды.
«Мұндай алып хат Қазақстан поштасы тарихында алғаш рет жіберіліп отыр. Ол арнайы рейспен сенбі күні Ақордаға жететін болады», - деп мәлімдеді «Қазпошта» қызметкерлері.
Салмағы 8 келі болатын бұл конвертті дайындау үшін жастарға 2 күн уақыт қажет болған екен. Ұйымдастырушылар бұл хаттың Гиннестің рекордтар кітабына енетініне үміттеніп отыр.
«Біздің басқармаға көптеген ұсыныстар түскен болатын. Елбасыға хат жазсақ, жете ме, оны оқи ма деген күмән болды. Алғашында қала жастары «Қазпоштаға» келіп жеке-жеке хат жазамыз деді. Елбасының Қазақстан халқының бірігуіне қосқан үлесі зор екендігін паш етіп, жастар да бірігіп құттықтау хатын жазуды құп көрді. Бұл шараның идеологиялық маңызы зор деп ойлаймын. Біздің елбасымыз үнемі бірлікті насихаттайды. Біз де осы хат арқылы жастардың біріккендігін көрсете аламыз. Жастар бұл конвертті өз қолдарымен жасады. Хат сенбі күні Ақордаға жететін болды. Онда қаланың 100-ге тарта жастары өздерінің тілек-алғыстарын жазды», - деді қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы Санжар Боқаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады