20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс
Біржанның Алматы шаршы алаңындағы екінші қарсыласы биыл Тартарстан астанасы Қазан қаласында студенттер арасында өткен Универисада додасында топ жарып, алтыннан алқа таққан өзбекстандық боксшы Хасанбай Дусматов болды. Біржан мен Хасанбай бірін бірі бұрыннан білетін ескі қарсыластар. Алматыда өтіп жатқан Әлем біріншілігінде топ жару екі спортшының да басты мақсаты. Содан болар, шаршы алаңдағы айқаста қиынға соқты. Екі раунд бойы қос боксшы тең дәрежеде жұдырықтасты. Алайда, жерлесіміздың дайындығының жоғары болғаны байқалып тұрды. Тартысқа толы болған айқас нәтижесінде жерлесіміз өзбек боксшысынан 9:10 есебімен басым түсті.
Ал 56 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғап жатқан Қайрат Ерәлиев 1/8 финалында қырғыстандық Өмірбек Малабековпен кездесті. Бұл екі былғары қолғап шеберінің де айқасы тартысты өтті. Деседе, төрешілер жерлесіміздің басымдылығын бағалап, 2:1 есебімен жеңісті Қайратқа берді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін кешкі сессияда яғни сағат 19:00-де шарша алаңға Мерей Ақшалов (64 келі) қарсыласы — Карлос Адамс (Доминикан)
91 келі. Антон Пинчук — Рустам Туляганов (Өзбекстан) боксшысымен кездеседі.
Бокстан әлем чемпионатының телевизиялық көрсетілімін «Қазспорт» телеарнасынан тамашалай аласыздар.
Baq.kz
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?