Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
- Шахматтан бар-жоғы сегіз-ақ жасында Азия чемпионы атанып, он жасында әлемдік чемпионаттарда топ жарған қаршадай қызымыз Жансая Әбдімәлікке не себептен мемлекеттен қолдау көрсетілмейді, - деп сөз бастады депутат Алдан Смайыл.
- Бұл Қазақстанның, ұлтымыздың мақтанышы ғой. Шет елден легионерлер әкеле бергенше, осындай жас дарын, нағыз таланттарымызға қолдау көрсетуді қолға алуыңызды сұраймын. Ол неге өз өнері арқылы елдің, мемлекеттің атын шығаруда ата-анасы мен туыстарының немесе демеушілердің қолдауына мұқтаж болу керек. Бұл елдігімізге сын емес пе? – деп көптің көкейіндегі қыжылын білдірді.
Мұның артынша сөз сұраған депутат Гүлмира Исінбаева да жас шахматшы Жансаяның жағдайын айтып, бір шындықтың шетін шығарды.
- Мен осы мәселені көтеріп, сіздің агенттікке хат жазғанымда мынадай жауап алдым: «Жансая Әбдімәлік алдымен шахматтан әлем чемпионы болсын, сосын агенттік көмек көрсетіп, қаржыландыратын болады» делінгені көңіл құлазытады. Бұл не масқара енді?!. Тіпті, ұят қой, - деп жылармандай халге түсті депутат ханым.
Сөйтіп, бүгінде әкесінің жаттықтыруымен, туыстарының демеуімен жарысқа қатысу үшін жылына бар-жоғы 7 рет қана жоғары дәрежелі жаттығу өткізетін Жансаяға мемлекеттік тұрғыдан көмек көсетіп, қаржыландыру арқылы жаттығу санын екі есеге дейін көтеруді ұсынды.
Сондай-ақ, жиын барысында Қажымұқан Мұңайтпасұлы секілді тау тұлғаларымыз бен жоғарыда аты аталған Жансая секілді дарындарымыздың ұлттық тұрғыда ұлықталмай, кеңінен қоғам арасында насихатталмай жатқаны да тақырып аясынан тыс қалмады.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
Бүгiн, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіБүгiн, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік