30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болды. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Әлем сарапшыларының бағалауы бойынша, ХХІ ғасырдың бірінші он жылдығының экономикасы ең қарқынды дамыған 25 елдің ішінде Қазақстан үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ, Президент Н.Ә. Назарбаев жүзеге асырған экономикалық үлгі әлемдік дағдарыс кезеңінде ең тиімді және тұрақты болды. Біздің мемлекетіміздің басшысы, жаһандық ауқымдағы саясаткер ретінде, дағдарыстың қайнарларын зерттеп қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық деңгейде, жалпы әлемдік, аймақтық, мемлекеттік, оны ығыстырудың жүйелік шараларын ұсынды. Қазақстанның дамуына әлемдік дағдарыстың ықпалын ырықсыздандырып, қалыпты өсу траекториясына дереу оралуға алғышарттар жасалды», - деді Жұмағұлов.
Сонымен қатар, ол Давостағы Бүкіләлемдік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі көрсеткіштеріміздің артуының Қазақстан экономикалық үлгісінің әлемдік бағалауларының жарқын көрінісі екендігін ескертті. 2012 жылы Қазақстан бәсекге қабілеттілік рейтингісінде бірден 21 позицияға көтеріліп, 51 орынға ие болған. Бақытжан Жұмағұлов «бір жыл ішіндегі мұндай серпін басқа елдердің ешқайсысының еншісіне жазылмағандығын» атап өтті.
«Қысқа уақыт ішінде жетекші елдерді қуып жету үшін Президент үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың жаңа үлгісін ұсынған болатын. Оның жүзеге асырылуы ел өзгеруінің мықты факторларының бірі болып келеді. Ол экономика векторын шикізаттық қалыптан технологиялық бағдарға жүйелі түрде өзгертті», - деп толықтырды ол.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды