Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры
Іс-шараға таяу және қиыр шет елдердің суретшілері, фотографтары, халықтық қолөнер шеберлері қатысады. Елордада 20 елдің шеберлері бас қосады деп күтілуде.
Апталық халықаралық байқаулар, көрме-жәрмеңке, көркем конференция және шеберлік сыныптары, дәрістер мен пленэрлер секілді 4 бағыт бойынша өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бағдарламасына қазақстандық және шетелдік 500-ден астам автор қатысады. Келушілер үшін арт-нысандарды көру, бағалау, авторлармен келісімдер жасау үшін барлық жағдай жасалады. Конференция жұмысына қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады. Атап айтқанда, суретшілер, дизайнерлер, фотографтар одақтары мен қауымдастықтары, галерея, салондардың және дизайн студиялардың директорлары, өнертанушылар, өнер мен арт индустрия мәселелері туралы жазатын журналистер мен журналдардың бас редакторлары.
Айта кетейік, қазақстандық өнер апталығы бағдарламасы үлкен білім беру блогынан тұрады, шеберлік сыныптар, дәрістер, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылады, белгілі суретшілер мен көркемсурет шеберлері өздерінің тәжірибелерімен, білімімен бөліседі. Сондай-ақ, Қазақстан, Ресей және ТМД мемлекеттерінің декоративті-қолданбалы өнер саласында еңбек ететін танымал кескіндемешілері, мүсіншілері, фотографтар мен суретшілері келушілердің және Өнер апталығына қатысушылардың назарына пішіндер мен қайталанбас рең берудің бірегей технологияларын, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Жобаның мақсаты мен міндеті - астаналық қоғам мен кәсіби аудиторияны қазақстандық, ТМД елдерінің және қиыр шетелдік авторлардың шығармашылығымен таныстыру, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі дарынды суретшілерге қолдау көрсету болып табылады.
Baq.kz
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?