Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді
Кәсіподақ федерацияның құрамына өткен азаматтарға мүшелік билетін ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ә. Құсайнов табыс етті.
«Орталық аппараттың мақсаты – кәсіподақтар ұйымдарын күшті, беделді, тиімді, әрі еңбек етушілердің құқығын қорғай алатын органға айналдыру. Сіздерді кәсіподаққа мүше болуларыңызбен құттықтаймын», деді ҚР КФ төрағасы Ә. Құсайынов.
Мұнан соң жас кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен флешмоб ұйымдастырылып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Кәсіподақшылар күнін ауқымды түрде атап өтудегі басты мақсат – Кәсіподақтар федерациясының қызметі жаңа форматқа ауысатындығын көрсету. Атап айтқанда таяу арада федерация жұмысында елеулі өзгерістер болмақ. «Кәсіптік одақтар туралы» Заң жобасы жасалып, қазір ҚР Парламенті қарауына жіберілді. Қолданыстағы заңнан бұл жобаның өзгешелігі – кәсіподақ ұйымдарының құқықтары нақты айқындалған.
Бүгінде Федерация құрамына республикалық деңгейдегі 26 салалық және аймақтарда 14 облыстық кәсіподақ кіреді. 2,1 млн. адам Федерация мүшесі. Олардың 1,1 млн.-ны білім мен медицина қызметкерлері, 5 мың – бұл студенттер мен зейнеткерлер. Өзге мүшелер экономиканың нақты секторында қызмет етеді. Ресми статистика бойынша Қазақстандағы жалданып жұмыс істейтіндердің жалпы саны (2012 ж.) – 5,8 млн. Солардың 30% Федерация құрамында.
Baq.kz
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік