20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс
«Алақай! Мен ұлды болдым!» деп көпшіліктен «Фейсбуктегі» парақшасында сүйінші сұраған өнер иесінің қуанышында шек жоқ. Бұған себеп те жоқ емес. Өйткені, шақалақ – өнерлі жұптың тұңғышы әрі ұл бала. Көптен күткен нәрестеге әзірге есім қойылмағанын келтіре кетейік. «Сәбидің денсаулығы жақсы, келіншегімнің де жағдайы ойдағыдай» деп қысқа қайырды Бүркіт.
Жалпы, өнерде өзіндік орны бар Айбек Жансейітовтың жуырда атұстардың әкесі болатыны жайлы дүйім жұртшылық хабардар-ды. Бұл жайлы әлеуметтік желі арқылы әлдеқашан жариялап үлгерген әнші, бірер апта бұрын Аишаға құны 90 мың АҚШ доллар болатын «темір тұлпар» сыйлағаны бар. Көп ұзамай жаңа қонысқа көшуді жоспарлап отырған отбасы бір баламен шектелмейтінін жымия жеткізеді.
Ендеше, Бүркіттің баласының бауы берік болып, өмір айдынында қанаты талмасын деген тілек білдіреміз.
Baq.kz
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?