23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
Бүгін «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқулары» форумында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Джордж Вашингтонмен салыстырды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Көптеген мысалдар көрсетіп отырғанындай, адамзат дамуындағы жаңа мемлекеттер құрудың шешуші кезеңдерінде ерекше пассионарлық басшылар пайда болып, тарихқа еніп жатады. Олар жаңа елдер тәуелсіздігінің символы ғана емес, сонымен қатар беделі жоғары, рухани, зияткер көшбасшы ретінде де танылуда. Олардың ықпалы жекелеген мемлекет шеңберінен шығып, өркениеттің дамуына да жүйелі түрде ықпалдық етіп жатады. Олар – Джордж Вашингтон, Махатма Ганди, Нельсон Мандела, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатхир Мохамад және басқа да көшбасшылар. Осындай пассионарлық тұлғалардың қатарына, сөзсіз, Қазақстан халқының Әлем таныған көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та жатады», - деді Жұмағлов.
Өз сөзінде ол адамзатқа мүлдем жаңа тәжірибе алып келген ХХ ғасырдың соңы, КСРО-ның күйреуі және Еуразиядағы жаңа мемлекеттердің құрылуы уақытында тоталитарлық биліктен демократиялық мемлекетшілдікке ауысу секілді күрделі міндеттерді шешуді қажет еткендігін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы кезде, Нұрсұлтан Назарбаевтың түбегейлі негіздеп, іске асырған моделі ең тиімді деп танылды.
«Қазіргі таңда бұл жалпыға танылған «Назарбаев феномені» хақынада айтылып та, жазылып та жүр. Әлемге танылған мемлекет басшылары, сарапшылар мен экономистер, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары Қазақстан мен оның басшысын ерекше құрметпен және таңданыспен тілге тиек етеді. АҚШ Президенті Барак Обама Назарбаевты «әлем басшыларына үлгі боларлық тұлға» деп атады. Пан Ги Мун, Владимир Путин, Ху Цзиньтао, Маргарет Тэтчер, Энтони Блэр де, дүние жүзінің басқа да көптеген белгілі саясаткерлері осындай пікірде», - деп толықтырды Білім және ғылым министрі.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады