1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолына әлем қайраткерлері зор қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумы барысында ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бұл форум – теңдесі жоқ саяси және ғылыми шара екендігі анық. Қазақстан Республикасының көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұстанып отырған қазақстандық даму жолы мен моделі әлем қайраткерлері тарапынан зор қызығушылық туғызып отыр», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.
Министрдің пайымынша, бұл форумға әлемдік ой-жүйенің көрнекті өкілдерінің көптеп қатысуы тегін емес.
«Елбасының басшылығымен еліміз ешкімге ұқсамайтын экономикалық дамуға қадам басты. Даму қарқыны жағынан ХХІ ғасырдағы көшбасшы мемлекеттердің қатарына қосылды», - деп түйіндеді ол.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?