Архив

Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы

03.10.2013 04:28

Елбасымыздың Жолдауын орындау барысында филармония ұжымы Ұлытау ауданының шалғай жатқан елді мекендерінің тұрғындармен бірге кездесулер өткізіп, пікір алмастырды және Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Жез әуен» тобының «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» атты концерттік бағдарламасын ұсынып, алғыстарына ие болып қайттық.  

Наурыз айы бір ерекше ай Наурыздың басында Жезқазған қаласы ерекше күйге енеді. Бұл-Жезқазғанда Елбасымыздың Жолдауындағы «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру мақсатында қазақ өнерін насихаттау барысында «Ұлытау үні» аймақтық фестивалі өтетін кезең.   Осы орайда филармонияның ұйымдастыруымен «Жұлдыз-2011»  жас орындаушылар-дың эстрадалық аймақтық сайыс өтті.  

Жуырда қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында сөз сөйлеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаев биылғы 1 Мамыр мерекесін жаңаша атап өтетінімізге ерекше тоқталды. Елбасымыз атап көрсеткендей, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңындағы әрбір мереке жаңаша сипатта, әрі патриоттық рухты көтере түсетіндей ерекше аталып өтуі тиіс. Ал, бұлар осы 1 мамыр-Бірлік күнінен бастау алуы қажет. Татулықты, ынтымақты, бірлікті ту қылып көтерген Қазақстан халқының Бірлігі ретінде Жезқазғандағы «Дуслық» та-тар-башқұрт» мәдени-ұлттық орталығында мүше ретінде Н.Нығматуллина қалада өтетін түрлі мәдени іс шараларға қатысып, тығыз байланыста жұмыс істейді.

  Тағы біздің бір қуанышты жағдайымыз филармонияның әншісі Ғ.Мұха-мединнің әндер жинағы дискісінің жарық көрді. Бұл дискі   Болман ақынның«Өсиеті», Тайжанның «Сақсағы», Мәдидің «Қош елім», Қасым Аманжолов-тың «Өзім туралы әнінің бір түрі», Сәкен Сейфуллин «Бабаларыма шағым»   және көптеген халық әндерінен айтылмай қалған көне әндер«Жалғыз жу-сан»сияқты әндер Ғалым ағаның орындауында тұрады. Бұл дискінің жарық көруі Президентіміздің «Мәдени мұра» бағдарламасын сақтау барысында елге тарату және таныту болып табылады.

Филармонияның директоры Сексенбаев Рахмет Кәкімбекұлы. Байланыс телефоны 73-34-40. Мекен жайы Жезқазған қаласы, Алаш алаңы 3, Жұмыс уақыты 09.00-18.00 сағ

 Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметтік нормативтік құқықтық актілеріне Өкілетті органның және оның өкілетті құрылымдылық бөлімшелерінің бұйрықтары, әкімдері, сондай-ақ осы Жарғыға сәйкес әрекет етеді.

 Мекеменің мақсаты:

-қазақ халқының музыкалык-поэтикалық шығармашылық жетістіктерін, қазіргі заман композиторларының шығармалары мен әлемдік мәдениетінің үздік үлгілерін сондай-ақ, Қазақстан Республикасының өскелең ұрпақтарын эстетикалық дұрыс көзқараста тәрбиеленуін мақсатты бағытта насихаттау.

-Қазақстан Республикасының және облыстық ұлттық мәдениет байытып әрі дамуына әсер ету.

-Қазақстан Республикасының аймақ және облыстары, қалаларының барлық тұрғындары үшін концерттік көрініс шараларын бірдей көре алуын қамтамасыз ету.

Мекеменің өзіндік қызметі:

- Концерт залдарында, клубтарда, сарайларда, мәдениет үйлерінде, стадиондарда, балабақшаларда, демалыс бақтарында (симфониялық, камералық, эстрадалық, цирктік, жеке орындаушылық, тақырыптық конкурстар, балалар музыкалық күндерін, әдеби музыкалық және басқада) концерттер ұйымдастыру;

-  Жезқазған қаласының мәдениет кәсіпорындарымен мекемелерімен бірлесе отырып қалада өтетін мәдени іс шараларға қатысу.

- Жаңа репертуарлар жасау үшін композиторларды, драматургтерді, режиссерларды, көрініс қоюшыларды, дирижерлерді және басқа да өнер мен әдебиет иелерін тарту.

-  Көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерін, жастарды, талантты орындаушыларды өз қызметіне пайдалана білу.

-  Халықты өнер жетістіктерімен таныстыру.

- Жарнамалық, сувенирлік өнімдері шығару және тарату.

-  Жарғы мақсатымен Қазақстан Республикасының тиым салынбаған заңдылығына сәйкес, кәсіпкерлермен қоса, басқада қызмет түрлерінің шығармашылық үшін қажетті жағдайда деңгейін жақсарту, еңбекке деген экономикалық ынтасын арттыру.

 

Оқи отырыңыз