23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен санаулы жылдардың ішінде экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналды. Бұл туралы бүгін Астанада «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты алғашқы Назарбаев оқулары халықаралық форумын ашқан «Назарбаев орталығы» ММ директоры Қанат Саудабаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біздің форумға әлемнің 50-ден астам мемлекетінен келіп отырған қонақтарға, мемлекеттік қызметкерлерге, саясаткерлер мен ғалымдарға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Бұл Қазақстан феноменіне үлкен қызығушылық туындап отырғанын көрсетеді деп ойлаймын. Еліміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен санаулы жылдардың ішінде кеңестік империяның бір бөлшегінен экономикалық жағынан қуатты, демократиялық тұрғыдан дамыған мемлекетке айналды», - деп атап өтті Қ.Саудабаев
Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанның даму жолы, жаңа тәуелсіз мемлекетті құру мақсатындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясы мен сарабдал саясаты әлемнің көптеген елдерінде терең сараптама мен зерттеулер нысанына айналып отыр.
«Бүгін ашылып отырған ағашқы Назарбаев оқулары біздің Президенттің, халық арасында Елбасы деп орынды аталатын Мемлекет басшысы тұлғасының ерекшелігі мен тарихи маңыздылығын нақты түсіне білуге сеп болады», - деп толықтырды «Назарбаев орталығы» ММ директоры.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады