Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады
«Жасыратыны жоқ, басты мақсатымыз қазақтың тарихын, дәстүрін, мәдениетін осы журнал арқылы ағылшын тілді оқырмандарға жеткізсек деген ойдамыз. Әзірге 20-25 елде таралады. Таралым әрі қарай кеңейеді. Журнал екі айда бір рет шығады. Таралымы, әзірге, үш мың дана. Жаңа жылдан бастап тиражын көбейтеміз деген ойдамыз», - деді Е.Сыдықов баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, «Мәңгі ел» журналының алғашқы санына берілген баға жаман емес.
«Біздің алға қойған басты мақсатымыз – тарихи сананы неғұрлым кең бұқараға, қалың қауымға тарату. Тарихи фактілерді, атқарып жатқан жұмысты насихаттаудың бірден-бір құралы осы журнал деп білеміз. Біздің авторларға қойған талабымыз бар. Осы уақытқа дейін тарихқа қатысты мәселелердің көбі ғылыми, академиялық тілмен, монография тұрғысында жазылып келді. Оның көпшілігі қалың бұқараға, көп оқырманған жете бермеді. Тек кәсіби тарихшыларға, тарихты зерттеп жүрген адамдарға ғана бағытталған болатын», - деді журналдың бас редакторы.
Енді тек қана тарихшылар ғана емес, журналистер, филологтар, экономистер де, жалпы тарихты зерттеп жүрген кез келген азаматтың тың пікірі мен соны ойлары, қызықты мақалалары жарияланбақшы.
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді