Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды
«Ұлттық тарихты жаңғырту бірнеше бағытта жүргізіледі. Нақтылап айтсақ, қазір Мемлекет тарихы институтының ғалымдары қазақ және орыс мектептеріне арналған оныншы сыныптың «Дүниежүзі тарихы» және «Қазақстан тарихы» оқулықтарын сараптамадан өткізді», - деді Б.Аяған.
Ол сондай-ақ, өз сөзінде ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан тарихы» веб-порталы жұмысын бастағанын атап өтті.
«Жетекші ғылыми институттардың веб-сайттары жаңартылып, шетел тілінде шыға бастады. Ғылыми материалдар жинағы арнайы дайындалып, баспаға берілді. Ол кітап «Беласу» деп аталмақшы. Онда Қазақстанның жетекші ғалымдарының ұлттық тарихтың бетбұрысы, оны реформалаудың кезеңдеріне арналған мақалалары жинақталған», - деді тарихшы.
Ол, мұнымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылығы зертханалар мен орталықтар құрғанын тілге тиек етті.
«Атап айтсақ, популяциялық генетика орталығы, артефактілерді археологиялық кезеңдеу зертханасы, антропологиялық зертхана, әлем тарихын зерттеу орталығы, Орталық Азия халықтарының дәстүрлі мәдениетін ғылыми-зерттеу орталығы. Бұл орталықтарда қазақстандық және шетелдік ғалымдар жұмысты бастап кетті», - деді Б. Аяған.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?