Interbrand консалтингтік агенттігі түзген рейтинг бойынша, көш басында Apple тұр. Оның брендінің бағасы 98 миллиард долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 28%-ға өскен.
Екінші орынға 93 миллиард доллармен Google корпорациясының бренді орналасқан. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 34%-ға қымбаттаған. Айта кетейік, Google осыған дейін ешқашан мұндай жоғары деңгейге көтеріліп көрмеген екен.
Үздік үштікті он жылдан бері бірінші орынды ешкімге бермей келген Coca-Cola (79 миллиард доллар) қорытындылап тұр.
Ал әлеуметтік желілер арасында тек Facebook қана (брендінің) 43% жылдық өсімімен 52 орында тұр. Оның құны 7,7 миллиард доллар болды.
Interbrand агенттігінің рейтингісі бойынша әлемдегі ең қымбат 20 бренд:
1. Apple - 98,3 млрд. доллар
2. Google - 93,3 млрд. доллар
3. Coca-Cola - 79,2 млрд. доллар
4. IBM - 78,8 млрд. доллар
5. Microsoft - 59,5 млрд. доллар
6. GE - 46,9 млрд. доллар
7. McDonald’s - 41,9 млрд. доллар
8. Samsung - 39,6 млрд. доллар
9. Intel - 37,3 млрд. доллар
10. Toyota - 35,3 млрд. доллар
11. Merсedes-Benz - 31,9 млрд. доллар
12. BMW - 31,8 млрд. доллар
13. Cisco - 29 млрд. доллар
14. Disney - 28 млрд. доллар
15. HP - 25,8 млрд. доллар
16. Gillette - 25,1 млрд. доллар
17. Louis Vuitton - 24,9 млрд. доллар
18. Oracle - 24 млрд. доллар
19. Amazon - 23,6 млрд. доллар
20. Honda - 18,4 млрд. доллар
massaget.kz