Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер
Қонақтардың құрамында 70-ші, 80-ші және 90-шы жылдары Германия Ұлттық құрамасында өнер көрсеткен жұлдыздар ойнайды.Олардың арасында - Оливер Нойвилль («Байер» Леверкузен), Томас Долль («Лацио» Рим, Италия), Франк Нойбарт («Вердер» Бремен), Йенс Новотны («Байер» Леверкузен), Марти Макс («Мюнхен – 1860»), Йорг Альберц («Глазго Рейнджерс» Шотландия), Штефан Байнлих («Ганза» Росток), Михаэль Шульц («Боруссия» Дортмунд) және тағы басқалар бар.
Қазақстанның ардагерлер құрамасы Сейілда Байшақов, Михаил Гурман, Виктор Катков, Александр Мазманьян, Құралбек Ордабаев, Қанат Мұсатаев, Владимир Нидергаус, Вахит Масудов сияқты аты аңызға айналған ойыншыларды алаңға шығарады.
«Ардагерлердің матчы қазақ футболының 100 жылдығына орайластырып отыр. Бұл ойын –Қазақстан Футбол федерациясы мен Неміс футбол одағының арасындағы ұзақмерзімді әріптестік символы», - деп атап өтті алдағы ойын туралы пікір білдірген Қазақстан Футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі