30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
«Universum компаниясы әлемнің 12 елінде, атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Бразилия, Ресей, Франция, Италия, Үндістан, Австралия мен Канадада білім алатын студенттерді сауалнамаға қатыстыру негізінде зерттеу жүргізді. Сауланамаға 200 мың адам атсалысты», - делінген хабарламада.
Түлектер үшін әлемнің ең үздік жұмыс берушісі Google компаниясы атанды. Google корпорациясы екі санатта да – іскерлік және инженерлік бағыттар бойынша бірінші орынды иеленді. Түлектер үшін ең қолайлы саналған бизнес бағыттардың үштігіне сондай-ақ ірі британдық EY (бұрынғы атауы Ernst & Young) аудиторлық компаниясы мен америкалық Goldman Sachs инвестициялық банкі кірді.
Инженерлік-техникалық санатқа қатысты айтсақ, екінші орынды Microsoft компаниясы иеленіп отыр. Көшбасшылар үштігін IBM қорытындылайды. Ең үздік жұмыс беруші компаниялардың алғашқы ондығына сондай-ақ Apple, BMW Group, Coca-Cola, KPMG, Siemens, Deloitte және Pricewaterhouse Coopers енді.
BNews.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды