Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады
Финалға сонымен қатар Франция, Гана, Бразилия және Испания арулары шықты. Гибралтар аруы көрермендердің көзайымы жүлдесіне ие болды.
Ғаламшардың ең сұлу қыздарының ондығына сондай-ақ Ямайка, Индонезия, Англия, Непал және Австралия өкілдері кірді. Байқауға Ресейден қатысқан 18 жастағы Междуреченск тұрғыны татар қызы Эльмира Әбдіразақова финалға жете алмай қалды. Шараға барлығы 137 қыз қатысты. Дәстүр бойынша филиппиндік жеңімпазға тәжді өткен жылғы байқаудың жеңімпазы қытайлық Юй Вэнься тапсырды.
Бұдан бұрын конкурс ұйымдастырушылары бағдарламадан Индонезияның мәдени діәстүрлеріне қайшы келетін ашық-шашық киімдерді алып тастады. Халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанатын елдің ислам кеңесі мемлекет аумағында жат құндылықтарды насихаттайтын мұндай байқауларды өткізуге мүлдем жол бермеу қажеттігін талап еткен болатын.
BAQ.KZ
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді