23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні құрметіне Астанада «Елбасына тілек» балалар шығармашылығының І қалалық байқауына арналған көрме ұйымдастырылған болатын. Ондағы үздік жұмыстар Ақордаға берілді. Белгілі болғанындай, осы аптада олар енді ресми түрде Тұңғыш Президент Мұражайына өткізіледі. Бұл туралы BNews.kz astana.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды сайтына Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.
Еске салайық, Байқауға Астана қаласы білім беру ұйымдары: балабақша тәрбиеленушілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінен 400-ден астам жұмыс қабылданды. Байқау ережесіне сәйкес, жұмыстар әртүрлі техникада орындалды, яғни, тоқыма материалдарынан, ағаш және металлдан өңделген көркемдік жұмыстар, мүсіндік, қолданбалы өнердің дәстүрлі емес түрлері, акварель бояуымен картиналар, коллаж жұмыстары болды.
Гран-приді мына авторлар алды: Клычёва Ратмира («Пәк жүректен» жұмысы), Иванюкова Ирина («Киіз үй» коллажы), Тілектес Ерасыл («Тәуелсіздік монументі» жұмысы), Қойлыбаева Ақтоты («Шаңырақ» жұмысы).
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады