30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Еурокубоктық бәсекелерге баса мән берген кеншілер ішкі чемпионаттағы жағдайын нашарлатып алған. Сондықтан “Шахтер” мен “Қайрат” үшін де бұл матчтың маңызы зор болды. Кездесуді ширақ бастаған қонақтар “Қайрат” қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып үлгерді. Алайда 33-ші минутта алаң иелері Мамаду Сисейдің көмегімен алға шықты. Көп ұзамай Станислав Покалатилов қақпасына екінші гол кірді. Алғашқы голдың авторы Сисейден пас алған Виталий Ли есепті еселеді. Ал алыстан жойқын соққы жасаған Артур Едигарян есепті 3:0 ге жеткізді. Тек осыдан кейін ғана есін жиған Виктор Кумыков шәкірттері қарсы қақпаға қауіп төндіре бастады. 83-ші минутта Андрей Финонченко айып алаң сыртынан Лория қақпасын дәл көздеді. Арада төрт минут өткенде “Шахтер” капитаны тағы бір мәрте көзге түсті. Төреші қосқан қосымша уақытта да үлкен күшпен шабуылдаған қарағандылықтар ақыры өз дегеніне жетті. Қақпа алдында Давид Лориядан айласын асырған Игорь Зенкович өз командасын жеңілістен құтқарды. Қортынды есеп 3:3. деп жазады КТК телеарнасы.
Baq.kz
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды