23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді
«Нұрсұлтан Назарбаев өзін саяси философ ретінде де танытып отыр». Бүгін Қазақстанның тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астанада өткен «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы президенттік институт» халықаралық конференциясына қатысқан Ресей ғылым академиясының «Восток» журналы саясаттану бөлімінің меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы Каринэ Геворгян BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында осылай деп ой бөлісті.
«Біз саясаттанушылар мынаны аңғардық, посткеңестік кеңістіктегі сындарлы бастамалардың денін Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Тағы бір маңызды жайт, Қазақстан Президенті өзін саяси философ ретінде де танытып отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын оның «Бесінші жол» деген өте танымды мақаласы жарыққа шықты. Ол ең алдымен қазақстандық басылымдарда, кейін «Известия» газетінде жарияланды. Біз мақаланы оқып, зерттедік. Өте терең ой айтылған. Бұл ретте ол посткеңестік кеңістіктегі әріптестерінен ерекшеленеді. Әрине, мен Назарбаевтың өзге әріптестері интеллектуалдық жағынан одан кем түсіп жатыр деп айтқым келмейді. Бірақ оның бұл қабілеті жарқын көрінеді», - деді Каринэ Геворгян.
Мұнымен қатар, оның айтуынша, бүгінгі таңда президенттік институттың қазақстандық моделін сәтті үлгі ретінде айтуға әбден болады.
«Өйткені, Қазақстанның жетістіктері бар. Және оларды бәріміз білеміз, көріп жүрміз. Әлбетте, Қазақстанда проблемалар жоқ деп айтудан аулақпыз. Мәселелер бар және оларды қазақстандықтар да, Президенттің өзі де мойындайды. Ал оларды шешу сіздердің қолдарыңыздан келеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ресейлік сарапшы.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады