Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕкінші күнгі тартыс қазақстандық командаға сәтті болды. 1/8 финалда жапониялық үш дүркін әлем чемпионы Каори Ичодан (болашақ әлем чемпионы) 0:8 есебімен жеңілген Екатерина Ларионоваға (63 кг) жұбату белдесулерінде тең келер палуан табылмады. Алдымен біздің палуан қыз қытайлық Хи Хилуожуоманың, одан кейінгі шешуші белдесуде колумбиялық Жаклин Кастиллоның сағын сындырды.
Айжан Исмағұлова (55 кг) мен Аяулым Қасымоваға (59 кг) келер болсақ, 1/16 финалда Исмағұлова мексикалық палуан Джейн Валенсиядан басым түссе, кейінгі тартысында моңғолиялық Буамбатсерен Сундевті бағындыра алмады.
Қасымова өзінің старттық белдесуінде жапондық Аюка Итодан (1/8 финал) жеңіліс тапты.
Ертең, венгерлік мундиалда қазақ құрамасының намысын Эльмира Сыздықова (67 кг) мен команданың жаттықтырушысы лауазымын қатар алып жүрген құрама лидері Гюзель Манюрова (72 кг) қорғайтын болады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі