Былғары күртешенің күтімі

Былғары күртешенің күтімі

18.09.2013 07:56

Былғары күртеше күзде қыздар арасында да, ерлер арасында да өте танымал болатын сыртқы киім. Қазірде күздік былғары күртеше әрқайсымызда бар. Гардеробымыздағы бұл киімнің ғұмырын ұзартып, өңін сақтау үшін ерекше күтім көрсетіңіз.

Былғары – табиғи материал. Ол кір көтергіш, сапалы, ұзақ уақытқа пішіні мен түсін сақтайтын болады. Сол себепті күртеше үшін былғары ең дұрыс мата болып табылады. Ол жаңбырдың суын өткізбей, желдің суығынан қорғайды, жылуды сақтап, терлетпейді. Сонымен қатар, былғары күртешемен үйлесіп киінген киім қайталанбас стильді бейне береді. Ол джинсы шалбарымен де, спорттық киіммен де, ресми белдемше және шалбармен де жақсы жарасады. Осы әмбебаптығы мен сапалығы былғары күртешені күздік гардеробымыздағы басты киімге айналдырады. 

Нағыз былғарыдан жасалған сапалы күртеше қазірде арзан емес. Сондықтан көп жағдайда оны жыл сайын не маусым сайын ауыстырып тұруға мүмкіндік болмайды. Былғары күртеше сізге ұзақ жылдарға қызмет ете алатындығын ескерсек, оған жақсы күтім көрсетсеңіз болғаны.

Былғары табиғи материал болғандықтан, ол күнделікті мұқият күтімді талап етеді. Сонымен, былғары күртешенің күтімі келесідей болуы керек:

Қазірде былғарыдан тігілген заттарға күтім көрсету үшін көмекші құралдар бар. Сіздер де солардың арасынан өзіңізге дұрысын таңдаңыз. Олар былғары заттың ғұмырын ұзартып, түсі мен пішінін бастапқыдай болып сақталуына өз септігін тигізеді.

Осы және басқа да былғарының күтіміне арналған құралдарды арнайы дүкендерден алуға тырысыңыз. Бұл заттармен тек былғары күртешесін ғана емес, сонымен қатар былғарыдан тігілген аяқ киім мен сөмкелерді тазалауға болады.

Қол астында бұндай арнайы сұйықтықтар мен құралдар болмаған кезде бұрыннан белгілі үйде жасауға болатын айлаларды қолдануға болады. 

Естеріңізде болсын, былғары күртешесіне күнделікті күтім көрсету оның ғұмырын бірнеше жылдарға ұзарта алады.

Дайындаған: Сания Аринова

https://massaget.kz

Оқи отырыңыз