«Франс Пресс» агенттігі - «ФПА» («Agence France-Presse – AFP) - дүниежүзілік ақпарат агенттіктерінің бірі болып табылады. Бұл бір уақытта француз үкіметіне жәрдем беретін коммерциялық кәсіпорын болған. Жәрдемақылар абонементтік төлемнің формасыңда іске асады. Үкіметі бар байланысты растайды және сол «Франс Пресс» директорын бұрын Франция министрлерінің кеңесімен тағайындайтын болған. Тәуелсіз агенттіктердің 1957 жылынан жұмысын бастаған, оның әкімшілік кеңесінің құрамына үкімет шеңберлерінің өкілдер кіреді. Агенттік Лоңдоңдағы «Франс Афон» агентгігінің Солтүстік Африка аумағының Француз патриоттары тапқан Деголльнің агенгтігінің 1944 жылдары соғыс кезіңде бірігіп кетуінің нәтижесінде пайда болды. «Франс Пресс» саяси, экономикалық спорт, діни, мәдени, сауда, қаржы мәліметтерін 12 000 газет, журнал, радио, теледидар станцияларьша, өнеркәсіптік фирмаларға, туристік ұйымдарға таратады.
«Франс Пресс» байланыс арналары алты тілде франпуз, ағылшын, испандық, неміс, португал, араб тілдерінде 600000 сөзден артық мәліметті таратады. Агенттік компьютерлермен толық жабдықталған және спутниктік байланыспен қамтамасьв етілген. Барлық дүниежүзілік ақпарат агенттіктерімен ақпарат алмасады. 165 елдердегі тілшілерінің желісі және Франция аумағында 110 бюросы бар. Аймақтық Еуропалық бюросы Парижде орналасқан.
Мемлекеттің ең ірі телекомпанияньің бірі - "Франс Телевизьон" барлық арналарын есептегенде "Франс-2" және "Франс-3" үлкен тоқырауды басынан кешті. Мемлекет тарапынан компанияны қаржыландыру тоқтатылып, ақша табу мақсатында бос эфир уақытын жарнамалар мен хабарландыруға сатып, 50 минуттық фильмнің 12 минутын жарнаманы құраған кездері де болған екен. Қаржының тапшылығы кейбір хабарлардың сапасыз шығуына себеп болып отырады. "Франс-2" арнасы жағдайының төмеңдеуінен сабақ алған "ТФ-1" оның қателігін кайталамай, ақшаны қалай табу жолдарын іздестіреді.
Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл
"Шетел Журналистикасы"