Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады
ҚР Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды.
Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден - 288, Қырғызстаннан - 175, Беларуссиядан - 100, Тәжiкстаннан - 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i - спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi.
Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыстар Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, «Достық» спорт кешенi, «Темiр Дос» спорт залы, «Бағанашыл» спорт кешенi секiлдi бiрнеше спорт нысандарында өтедi, деп жазады «Алматы ақшамы» газеті.
Baq.kz
Кеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?