30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЭтнография (гректің etoz- тайпа, халық, gгарһо - жазамын)- қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін бір саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды, тарихи және мәдени қарым-қатынастарын, күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және мәдени қарым-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты зерттейтіп ғылым саласы. Ал, этнографиялық очерктер - белгілі бір халықтардың материалдық, қоғамдық, рухани мәдениетінің өзгешеліктері мен солардың шығу тегін егжей-тегжейлі көркем тілмен жазатын шағын прозаның бір түрі. Этнографиялық очерктер халық өмірін тікелей бақылаудың нәтижесінде көзбен көріп, қолмеп ұстап, сан алуан деректер жинап барып, өткен өмір мағұлматтарын қазіргі деректермен салыстырыла отырып жазылады. Әр халықтың тұрмысы мен мәдени дамуының тарихи процесінде бақыланган негіздерге сүйенген жағдайда ғана толыққанды этнографиялық очерктер жазылады. Этнографиялық очерктерге тән төмендегідей ерекшеліктерді атауга болады:
этнографиялық очерктерде ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық өнер түрлері, ұлттық ойындар мен спорттың түрлері, ұлттық тағам түрлері, ұлттық мерекелер, тарихи ескерткіштер т.б. туралы кеңінен жазылады. Бұл очерктерде нақтылы этнографиялық деректерді молынан пайдалана отырып, публицистикалық корксм тілмен жазылса ғана оқушы зердесінде қалады.
Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева
«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды