6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер
Негізі, Волжск қаласының «Ариадасы» (бұрынғы «Ариада-Акпарс») осал команда емес. Соңғы чемпионатта ол плей-оффқа дейін жеткен. Сол себепті осы жолы «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері үшін өз қарсыласын жеңу оңайға соқпады. Ойынның жалғыз шайбасы екінші кезеңде соғылды. Ол кезде Өскеменнің клубы бір хоккейшіге артық ойнап, осы мүмкіндігін шебер пайдалана білді. Үшінші кезеңде шайба соғылған жоқ. Қорытынды есеп - 1:0. Осылайша, «Қазцинк-Торпедо» үш ұпайға ие болып, жалпы турнирлік кестеде екінші орынға орналасты. Қарағандылық «Сарыарқа» болса, әзірше бір ұпаймен жетінші орында тұр. Келесі ойында «Қазцинк-Торпедо» ертең, қыркүйектің 11 күні «Нефтяник» командасымен кездеседі.
Естеріңізде болса, Құрлықтық хоккей лигасында бүгін «Барыс» өз алаңында «Локомотив» (Ярославль) командасын қабылдайды. Бұл ойын кешкі сағат 19:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.
Baq.kz
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі